Көк көйлек – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Көк көйлек» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 4240
Көлбең-көлбең етеді,
Көз алдыңнан өтеді.
Көлбеңдеген көк көйлек
Тобықтарға жетеді,
Тамсантып бір кетеді.
Көлбең-көлбең етеді,
Көз алдыңнан өтеді.
Көлбеңдеген көк көйлек
Ақ балтырға жетеді,
Аңсатып бір кетеді.
Көк көйлектің етегі
Қырық құбылып кетеді.
Енді бірде сол етек
Қара санға жетеді,
Қарасаң бір не етеді?
Кө көйлектің етегі
«Көктөбеге» жетеді.
Жігіттердің жанары
Тұманданып кетеді,
Түбіне сол жетеді...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері