Өлең, жыр, ақындар

Сынған аяқ

  • 27.08.2019
  • 0
  • 0
  • 2908
Бір досымның аяғы сынып,
Іштей тынып,
Қозғалмаған күйінде,
Үш ай жатты үйінде.
Сау кезінде, ой, Алла-ай,
Құлдыраған қояндай,
Бір орнында тұрмайтын,
Сөзді жүре тыңдайтын.
Енді көрмейсің бе Алланың
Аяққа кісен салғанын.
Тұрайын десе, шама жоқ,
Ұрынайын десе, қара жоқ,
Қасында қатын, бала жоқ:
Бірі мектепте, не жұмыста,
Осынысы дұрыс та.
Күн батқанша күйініп,
Қабағы тарс түйіліп,
Құр дөңбекшіп жатады.
Ауру емес сыздаған,
Көңіл емес мұздаған,
Жанға осы батады...
Дертті болған досының
Көрейін деп пошымын,
Бардым бірде кештетіп.
Үйдің ішін лаң қылған,
Айқай-ұйқай даң қылған,
Тұрып қалдым ес кетіп.
Төсектегі «батырым»
Бала-шаға, қатынын
Жатыр екен қуырып,
Тілінен от суырып.
Неткен қызық-тамаша?
Түсе кеттім араша.
Досым бірден басылды,
Қабағы да ашылды,
Ыржалақтап балаша.
– Дос-ау, бұл не еткенің,
Ашушаң боп кеткенің?
Досым айтты:
– Сендерді
Кеткенім ғой сағынып.
Жата беру жөн бе енді
Тар төсекке таңылып?
Жауабымды әзірлеп,
Былай дедім әзілдеп:
– Сынбағанда бұл аяқ,
Ұстатпас ең біздерге.
Түсіп сонар іздерге,
Келер еді кім аяп?
Киіп кетті жұбайы:
– Бұл бәленің Құдайым
Тілін кескені дұрыс болар еді,
Сонда құлағымыз тынышталар еді.
* * *
Иә, «ақсақ қой жатып семіреді»,
Ақсақ адам үй ішін,
Безеп қотыр тіл ұшын,
Төсекте жатып кеміреді, –
Деген мақал осы да,
Не өкпе бар досыма?



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Қызғаныш

  • 0
  • 0

Екі жеңгей қосылды,
Қосылды да жосылды:
– Еркек дегенің оңбайды,
Оған сеніп болмайды.

Толық

Туған күн

  • 0
  • 0

Туған күн
Сен туған күн қуантып бәрімізді,
Шарықтатты салтанат – сәнімізді, замандас.
Абдрахман Асылбек

Толық

Даңғыл жол

  • 0
  • 0

Екі ортада тамаша
Бір даңғыл жол салынды.
Жарық беріп жаңаша,
Алаулатты жалынды.

Толық

Қарап көріңіз