Еңбек туралы жыр – Сәбит Мұқанов

Бұл бетте «Еңбек туралы жыр» атты Сәбит Мұқанов жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 13.08.2021
  • 0
  • 0
  • 2273
(Н. А. Некрасовтан қысқартылып, еркін аударылды.)

Болғысы келсе ақмақ
Менің берер кеңесім:
Жалқауланып жатып ап,
Еңбектен тартсын денесін.
Ондайлар алып туса да,
Болса да алғыр ақылы,
Кетпейді кірі жуса да,
Жалтақтық қана жақыны.
Еңбекті дұспан санаған
Адамда өмірі мейірім жоқ,
Арамтамақ арадан
Басқа ұқсас хайуан жоқ,
Тарыншылық келгенде
Ел мойнына масыл ол,
Жұрттан бұрын шерменде
Боп өлер де, сасыр ол.
Қартаймай қаусап денесі,
Жасына жетпей құрыр ол,
Ішкені болып кересі,
Адасқан иттей ұлыр ол.
Баққұмар болма, ендеше,
Өліп-өшпе ақшаға,
Еңбекпен өс шендесе
Ойыңды бұрма басқаға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері