Өлең, жыр, ақындар

Азалы күн

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 11.11.2019
  • 0
  • 1
  • 5855
Біреуге күн,
Біреуге бүкіл ғұмыр – азалы күн,
Сен де азалысың,
Мен де азалымын!
Жоқтайды ұл əкені,
Жоқтайды аға ініні,
Жоқтайды қазақ ұлын!
Жоқтаймыз армандарды – аптығы басылмаған,
Жоқтаймыз үміттерді – қауызы ашылмаған,
Қайда екен текті қазақ бір-бірін бауыр дескен,
Қайда екен бауыр қазақ қару да асынбаған!?.
Əлемде қару барда,
Ақынның əрбір күні – азалы күн,
қаралы күн,
зарлы күн,
назалы күн,
Алдында қайғылының, қазалының,
О, кімнің жазығы жоқ?!.
Сен де жазалысың,
Мен де жазалымын!
Қарулы ғасырлардың бəрі де – Қабыл-Ғасыр,
Тұрғызған бас сүйектен өркениет қабырғасын.
Сен енді тыныштыққа маза бер, ессіз əлем,
Сен енді өлгендерге маза бер, дамылдасын.
Əлемде Қабыл барда,
Адамның əрбір күні – азалы күн,
Əр күні – отты демі ажалының!
…Қай жерің сырқыраса – сол жерде тұрар жаның:
Сен бүгін Ақтөбенің қазағысың,
Мен бүгін Ақтөбенің қазағымын!


Пікірлер (1)

Марат

Керемет

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Азалы күн өлеңінің авторы кім?

Ерлан Жүніс — осы өлеңнің авторы.

Азалы күн өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Азалы күн өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Жүніс өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Азалы күн өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері