Қайрау – Nurbek9523

Бұл бетте «Қайрау» атты Nurbek9523 жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Қайрау

Үп еткен желге дірілдей берме,
Дірілдей берсең нең қалар?
Көрінге жанға күлімдей берме,
Жүректен өшпес жерді алар.

Өткенге ұзақ телміре берме,
Уақытты зая кетіріп.
Жаным дегенге көндіге берме,
Көбінің сөзі өтірік.

Сезімді сәттік мәңгілік деме,
Мәңгілік болмас ештеңе.
Жолың болмаса заңдылық неге?
Ешқашан бәрі кеш деме.

Тағдырға қатал өкпелей берме.
Жақсарама одан жағдайың?
Сүймеген жанға кетпе дей көрме,
Жақсылық алда әрдайым.

Болмайтын затты көңілге алма,
Шаршатпа ойды бекерге.
Жолдарда сынақ жеңілме талма,
Келеді бәрі кетер де...

Автор: Нұрбек Бекұлы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар