Көркiнен көзiмдi алмасым – Әмірхан Балқыбек

Бұл бетте «Көркiнен көзiмдi алмасым» атты Әмірхан Балқыбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.07.2020
  • 0
  • 0
  • 1164
Көркiнен көзiмдi алмасым
Жат болып кеттiм деп жасқанба.
Сен жайлы айтары болғасын
Әдемi боп кеттi тастар да.

... Әлi күн әнiм боп келесiң...
Оянар сезiмдер көп менде,
Еске алып әз күндер елесiн
Сен жүрген жерлермен өткенде.

Сен жайлы естелiк аз айтпас
Есiк те мен талай телмiрген.
Батылым жетiп шын аша алсам,
Бақыттың бағына ендiрген.

Көкейде орын жоқ кiрбiңге,
Болсаң да жанымның әлегi.
Сен жүрген жерлердiң бұл күнде
Бәрi де, бәрi де әдемi.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері