Өлең, жыр, ақындар

Валерий Чкалов

  • 12.08.2021
  • 0
  • 0
  • 357
Кеше кешке
Көшеде келе жаттым,
«Вечерняя Алма-Ата!»
— деп құлақтың
Мазасын ап газетші.
Бірін мен де
Алып оқып,
Таңданып тұра қаппын:
«Чкалов қаза тапты!»—
Деген хабар
«Апыр-ау, рас па?»
Деп көкке бақтым.
Себебі дегем былтыр —
«Жаса ерім!
Жер шарын шолып, қызыл жалау тақтың!»
Кеше күндіз қар жауып белуардан,
Тауға қайтып кешке бұлт, келген таудан,
Ашық аспан бетінде жиі жұлдыз
Тұр екен қап-қалың боп қардай жауған.
Биікте, сол уақытта шолып көкті,
Москваға, Кремльге түзеп бетті,
Жұлдыздай жарқыраған фонары бар
Көрдім мен ұшқан биік самолетті.
Самолеттің жұлдыздай фонарына,
Қадала екі көзім қарады да,
Жөнелтіп салып оны
Кең аспанның
Қыдырды ұлан-байтақ алабына.
Аспанның төбесінде, шетіндегі
Әр жұлдыз бір самолет секілденді, 
Ең жарық «Темірқазық» көрінгенде,
Еске алдым «Темірқазық» секілді ерді.
Чкалов!
Деген ерім!— «Темірқазық!»
Ауа емес, Эфирден алып азық,
Отанымның қырағы сұңқарындай
Кім ұшты сол биікке қанат жазып?
Мыңдар ғасыр жымиған жұлдыздарды,
Жерге жақын келтірмей көк қызғанды,
Чкаловтан кім бұрын барып сүйген
Көк сұлуы сыланған сол қыздарды?
Кім бұрын барып одан көкті сүйді?
Кім көктен одан бұрын киіт киді?
Күн оны емес, ол күнді іздеп барып,
Кімге күн
Одан бұрын басын иді.
Жұмыр жер кімге ондай шаршыланды?
Кімнің ондай келуін таң сұранды?
Түн де күндіз, күндіз де күндіз болып
Кім күнді қайда барса қарсы алды?
Айтшы өзің, осындай ерге кім пар?!
«Көруге барлық адам болған іңкәр
Бұл кім — десең —
Чкалов! Жер қыраны
Советте туған алмас қанат сұңқар!
Сол сұңқар қаза тапты әлдеқалай,
«Тумақ, өлмек» табиғат заңы солай.
Ердің ісі еңбекші елге үлгі,
Ол үлгіні ұстайды ерлер талай.
«Өлдіге» қимай ерді бой мұздады,
Мұздай сала, лезде қан қызғаны,—
Бұл өлімге білдірді өкінгенін
Біз түгіл көктегі көп жұлдыз-дағы.
Шарықтап шырқап көкке қанат жазып,
Алатұғын эфирден барып азық.
Советтік сұңқар шырқап жолға шықса,
Чкалов алдарында «Темірқазық!»



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Неге тудым

  • 0
  • 0

Бір жетім баланың аузынан
Анамнан жарық көріп туған күннен,
Өмірде сәуле көрмей жүрген бір мен.
Басқадай балдан тәтті тұрмыс іздеп,

Толық

Ыстықкөл

  • 0
  • 0

Айналасы асқар тау,
Жатады көлім мөлдіреп.
Бұйраланса толқындар
Жалында жүрек елбіреп,

Толық

Ауылдық кеңестің сайлауы

  • 0
  • 0

Қарашоқтың сауыры,
Әлдекеңнің ауылы
Жиылған жұртқа толып тұр.
Басқыш қылып шананы,

Толық

Қарап көріңіз