Мектептен – Міржақып Дулатұлы

Бұл бетте «Мектептен» атты Міржақып Дулатұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Мектептен қайтып балалар
Қызарып беті суықтан.
Үй алдында Майлыаяқ
Жатыр еді суықтан.
Құйрығын бұлғап еркелеп
Қылды ықылас шындықтан.
Күліп шулап, кірсе үйге,
Самауыр тұр бу шыққан.
Тойып алып тамаққа,
Балалар жатып тыныққан.


Пікірлер (1)

МҰХТАРХАН

өте керемет өлең екен

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері