Өлең, жыр, ақындар

Бұл өмірде адам бол!

Бұл өмір - ғажап өмір, сүре білсең,
Өзіңді өзің жан-жақты тани білсең.
Халқыңа, қоғамыңа, ата-анаңа
Алғыс айт, бұл - парызың, біле білсең.
Бұл өмір қайтып келмес қысқа ғұмыр,
Жастарға болашаққа ұстаным мол.
Мақсатқа, армандарға жету үшін
Құр жатпа, əрекет қыл қыбыр-жыбыр.
Жасыңда оқу оқы, өнер үйрен,
Тек қана арсыздықтан, ұяттан жирен.
Ғұлама, ойшыл Абай бабам айтқан :
Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым
Бойыңда болмасыншы жаман жағың.
Өсекпен, өтірікпен, еріншекпен
Дос болма мақтаншақ, бекер мал шашпақпен.
Олардың еліңе де, өзіңе де
Пайдасы болмас, қалқам, өзіңе сен!
Бойыңда жақсы қасиет қалыптассын,
Қоғамға қызметтен жалықпассың,
Қуана білсең ісіңе, мерейіңе
Елің де сен дегенде асып тассын.
Үлкенді сыйлап, кішіні қамқорлағың,
Ізгіліктен, ізеттен жалықпағың.
Өзіңді тани түскің жүрегіңмен,
Əрдайым жүрегіңмен сен сырласқың.
Бақытқа əркімнің-ақ бар таласы,
Бақыт деген руханият, жан қаласы.
Шын бақыт қону үшін маңдайыңа
Жақсы бол, таза, пəк бол, сен қарашы.
Бақытты болу үшін адам болшы,
Адамдық қасиетіңмен нұрға толшы.
Адам деген ұлы ат, білесің бе?!
Адамдыққажақсы қасиет тересің бе?!
Адам боп келген мына өміріңде
Адам боп кетеріңе сенесің бе?!
Адам бол бұл өмірде, таза жүрек,
Ақылды, парасатты, сүйгіш еңбек.
Қайырымды, адал жан бола білсең
Адам боп қаласың, сен, саған сенем.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз