Өлең, жыр, ақындар

Наурыз

Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Куаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.
Ойнаған анау бала,
Көк орай жалын дала.
Егіндік егін еккен,
Ұзамай болар жаңа.
Бай, жарлы келген күйі,
Ойын-той ауыл, үйі.
Қой сойып, қонақ асы,
Мырзалық еткен сыйы.
Келіпті жылдың құсы,
Күнде шу көлдін, тұсы.
Күн жылы ызғары жоқ,
Жаз шығып, кеткен қысы.
Боздаған анау түйе,
Кұлындап жатыр бие.
Гүлдеуге бет алып тұр,
Қызарып қызыл шие.
Егінші егін егіп,
Қостанып арба жегіп.
Тыныш жоқ ерте мен кеш,
Еңбекпен азап шегіп.
Ат шауып, тау жарысқан,
Таласып бәйгі алысқан.
Көтерем арық-тұрық,
Жаз шығып жайланысқан.
Ойын-той болып жатқан,
Ел көшіп, қонып жатқан.
Жаз шығып, жазғытұры,
Анау мал толып жатқан.
Жайнаған терең сайлар,
Ойнаған құлын, тайлар.
Ел қонып көл жағалай,
Өріске малын айдар.
Гүл өсіп гүл-гүл жайнар,
Бұтақта бұлбұл сайрар.
Тіріліп құрт-құмырсқа,
Жер жүзі быж-быж қайнар.
Сұлу жүр сылаңдаған.
Күлімдеп қыландаған,
Ерініп бір басуға,
Жас талдай бұраңдаған.
Қыдырып жігіт сылқым,
Ерігіп күнде дарқан.
Жеңгесі жылы жүзді,
Ат қойып кенже қалқам.
Аспанда күннің нұры,
Мақпалдай жердің түрі.
Қуаныш мал мен жанда,
Қыс шыққан өлмей тірі.


Пікірлер (6)

Инжу

Куртка

Нурик

Рахмет

Айзия

Өте жақсы

Інжу

Негізі өте кереммеетт

ЕРКЕЖАН

Жақсы болды

Жазира

Міржақып Дулатұлының «Наурыз» өлеңі – көктемнің келуі мен табиғаттың жаңаруын ерекше көркем бейнелейтін әсерлі шығарма. Ақын өлең жолдарында Наурыз мейрамының келуімен бірге жердің құлпырып, мал-жанның көбейіп, ел ішінде ойын-тойдың басталатынын шебер суреттейді. Мысалы, шығармада табиғаттың жанданып, «жылдың құсы келіп, қыс кетіп жаз шыққаны» сипатталады, бұл Наурыздың жаңару мен қуаныштың белгісі екенін көрсетеді.

Осындай өлеңдер арқылы қазақ халқының көктем мерекесіне деген көзқарасы, еңбек пен бірлікке негізделген өмір салты көрінеді. Бұл шығарма оқырманға Наурыз мейрамының мәнін терең сезіндіріп, ұлттық дәстүр мен табиғаттың үйлесімін тамаша жеткізеді.

Пікір қалдырыңыз

Қазақ халқының бұрынғы мәғишаты

  • 1
  • 1

Қазақтың қандай еді мәғишаты,
Бір күнде көшіп қонған рахаты.
Қайғы жоқ, хасірет жоқ, қыз-бозбала,
Түзеген басекемен салтанаты.

Толық

Тұңғыш құрбан

  • 1
  • 1

Мынау кім жатқан, әлеумет,
Жас қабірді жамылып?
Мұнша ардақты кім еді?
Тұрсыңдар бәрің жабығып?

Толық

Қажыған көңіл

  • 1
  • 1

Жүйрік қиял дүниені кездіріп,
Туған ел мен өскен жерден бездіріп,
Қиын қиғаш қияларға жетектеп,
Сырын айтпай, жөні қалай сездіріп.

Толық