Үзілмеген үміт – Шұғыла Испанова

Бұл бетте «Үзілмеген үміт» атты Шұғыла Испанова жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Көңілім қара бұлттай мұңайды ,
Ой санам тыныштықты сұрайды .
Жүрегім əрі-бері езіліп ,
Көздерім қайта-қайта жылайды.

Қараймында бір тесікке үңіліп ,
Ойлай берем əр нəрсені түңіліп.
Сондағы , ақ мамықтай көңілім ,
Бара жатыр тұңғиыққа көміліп.

Бауырларым, қош келдіңдер , кеш жарық
Анашым бөгелді екен, кеш қалып .
Олай болса айтайын оқиғамды ,
Белгісіз анашымды еске алып.

Тастапты ана мен сияқты баласын ,
Тастандыға кім жақсырақ қарасын?
Көңіл қосып, байғұс əйел жүкті боп,
Туып алды , біліп-білмей шамасын.

Мезгіл келіп, үрей бойға төнерді ,
Көктем келді , айналамыз көгерді .
Бейшара ана, ойланбастан далаға ,
Өз баласын тастап əрі жөнелді.

Бір адамдар тауып алды даладан ,
Баладай түсіп қалған шанадан.
Ең болмаса көре алмадым көздерін ,
Маған əр сəт көңіл бөліп қараған.

Бар балаша өз үйімді кезе алмадым ,
Жүрегімді үмітпенен езе алдадым .
Анашымның ақ жанарын көрмек түгіл ,
Иісінде мен оның сезе алмадым.

Бала жүрек күтуменен тоқтамады,
Əр күн сайын үмітпенен шоқталады .
Болса деймін сол бір анам дəл жанымда ,
Қуанарем күнде ұрып соқсадағы.

Күнде есікті біреулер кеп жағалады ,
Кейбірлері күлімсіреп қарамады.
Зат сияқты таңдап алып өздері ,
Ойланбастан балаларды бағалады.

Жақсы адамдар бар əрине сенемін ,
Анашыма əдемі гүлдерімді теремін .
Күнде -күнде терезені сығалап ,
Бір үмітпен өмір сүріп келемін.

Қалай ғана жаны ашпады баласына?
Соншама жер мен көктің арасы ма?!
Титтей де мейірім болса жүрегінде ,
Қайтып келер, мен сенемін анашыма!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үзілмеген үміт өлеңінің авторы кім?

Шұғыла Испанова — осы өлеңнің авторы.

Үзілмеген үміт өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үзілмеген үміт өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Шұғыла Испанова өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үзілмеген үміт өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар