Серт
- 0
- 0
Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».
Бұл бетте «Тәуелсіздік» атты Sura98 жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген.
Сол баяғы қағазбенен, қаламмен
Сырласамын, арасында алам дем.
«Қаладағы тіршілігің қалай?» деп,
Сынай қарап жатыр, әне, далам кеп.
Көп қылығым көңліме жақпауы шын,
Бұрқ-сарқ қайнап ызадан жатты-ау ішім.
Шалыс басқан қадамнан сабақ алам,
Шылығына өмірдің батпау үшін.
О, бәтеңкем, қара жорға тұлпарым,
Көп жүрістен жұқарыпты-ау ұлтаның.
Күні бойы жортасың ғой, көтеріп,
Еркетотай аяқтардың бұлтаңын.
Қабырғада қанша сурет ілінген!
Дал боламын түсіне алмай бірін мен.
Шарасыздық шырмап алған санамды,
Сезіледі демімдегі дірілден.
Аружан
өте керемет жазылған супер
Амина
Өте күшті