Өлең, жыр, ақындар

Серт

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2256
Сіміріп aп таңғы ауаның тұнығын,
Зыр жүгірем, тыным алмай күнұзын.
Бір қызықтан, шақырады бір қызық
Мойыныма сілтеп жиі «құрығын».
Бақытымды мансабыммен өлшемен,
Болды маған, қысылғанда ел берсе дем.
Берерімді сарқып беріп, ей, өмір,
Аларымды алып тынам мен сенен.
Қаншама жыл, қаншама жыл бұйықтым,
Қаншама жыл көңілде арман ұйыттым,
Сел сияқты бір алапат бұла күш
Кеудеме осы әрең-әрең сыйып тұр.
Ашайыншы бу қазанның қақпағын,
Шағайыншы оқ-дәрінің шақпағын.
Шабыт - тұлпар, сыналатын кез келді,
Мен өзіңді қаншама жыл баптадым.
Көзімін сол көпті көрген көненің,
Айтарымды айтпай, неге өлемін.
Сарарқа мен Жетісуға жетсінші,
Жайық бойын жағалаған өлеңім.
Ой - өзенім, ашылды арна тасып қал,
Тез жетеді барар жерге - асыққан.
Құба жонға қиқу салып шықтым мен,
Алдыма арқан кере алмайды пасықтар!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жырсыз өткен жылдар

  • 0
  • 0

Түсірмей шұғыласын бетіме Күн,
Босқа өткен жылдарыма өкінемін.
Алаңсыз еш нәрседен жүрдім қалай,
Бардай-ақ бір өзімнің екі демім.

Толық

Біргемін

  • 0
  • 0

Бұл жалғанға қонақпыз сол кемді күн,
Дайынбыз ба арқалауға ел жүгін?..
Білген жанға сұрауы бар судың да,
Біздер үшін тер төгеді енді кім!

Толық

Қара сиыр

  • 0
  • 0

Соғыс сұмдық түтеп тұрған кез еді,
Шаттық семіп, қайғы деген тез өніп...
Біздің де әкей кетті қанды майданға,
Зұлым жауға кек қаруын кезеніп.

Толық