Өлең, жыр, ақындар

Махаббат

Сағындым жаным сені мұңға толып,
Көздерім жүрген. Еді нұрға толып.
Хош дедің кете бардың,жалғыз тастап,
Жүрегім қалды үнемі жырға толып.
Күтемін қарайлаймын телефонға,
Шалама,шырылдайма екен олда.
Көз тастап ұзақ қарап тұрам күнде,
Ұзыннан ұзақ жатқан қара жолға.
Екеуміз өткізген жаз,күз,көктемім,
Жетер ме саған айтар бар өкпе мұң?
Қарайлап артқа неге бұрылмадың?
Келер ме кездесер түн,жолығар күн.
Болашақ армандадық күттік алдан,
Білмедік кедергіні берген жалған.
Шыдаймыз не бір жағдай келсе басқа,
Деген сөз,берген уаде артта қалған.
Кешір жаным бүгінде мен басқамын,
Айырар жақсы жаман мен жастамын.
Айырылып қалғаным мен өзіңнен,
Кетті өтіп күндерім,жыл қас-қағым......




Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз