Бір арманға – dinalitpin

Бұл бетте «Бір арманға» атты dinalitpin жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бір арманға...

Әрбір сыны өмірдің қиын-ақ шын,
Қанша ауыр болса да жеңілмегін!
Тағдырдың бар сынағын жиып апсың,
Қанша қиын болса да берілмегін!

Сүрініп қалсаң егер, қайта тұрғын,
Ұққанда бір арманның жоғалғанын.
Тәңірге шүкіршілік айта тұрғын,
Орындалар сол күні бар арманың.

Жиылған бар сынымның көрсем легін,
Бұйыртқан тағдырымның бір күндігін.
"Соңғы үмітім сөнді"-деп күрсінбегін,
Жаратқан бұйыртады мүмкіндігін.

Бір үмітпенен соққанда жүрек,
Бір күдік үшін қалмас басылып.
Таңдайымдағы тәтті бір тілек,
Маңдайымда тұрса, шіркін, жазылып!

Авторы: Дина Литпин


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар