"Шәмшінің әні..." немесе Шәмші Қалдаяқовтың рухына
"Шәмшінің әні..." немесе Шәмші Қалдаяқовтың рухына
Әуезінде сыры, жыры, жаны бар
Шәмші қайда?
Ел арасы сағынған.
Ән ағам- ау, ардақтайсың жұрттыңды
Енді сені құрметтеп, бір тұрды.
Ақмаңдайлым,
Айдай алаң әуенің,
Ана жырын,
Тебірентер жан емін.
Саз кеуденде,
Нәзік жүрек соғып тұр.
Достық сезім, махаббаттай
Күрестіріп тар шерін.
Вальсті ешкім,
Шәмшідей- ақ жазбаған
Одан бері өтті бастан күн мұздақ.
" Қазағымның вальсінің патшасы",
Алаш берген жамау шапан, шын мадақ.
Мұхтар еді- ау, арысымның арыны
Қалдаяқов қалдырған үн- сарыны.
Бұл күндері сағындырған әндер- ай,
Мазақ әуен, мазақ муза оңдырды.
Қайран қайғы,
Жамау- тесік қайықта
Жанды салып,
шырқар едік Жайықты
Жәмиласың жалғыз көрген,
Шәмші аға
Мұң суға тұңшықтырып қойыпты.
Айтушылар айтқандай- ақ айтысып,
Айта- айта, машақатын жойысып.
Мәңгі өлмейтін муза тастап барады,
Нота түгіл, ноқтау- жүген қайысып.
Ақаңдарын екі шекті шертеді,
Маңдай терін, Шәкең еппен сүртеді
Ал, шырағым бар әуезді ала ғой,
Деп дүние- ай, бұлтқа ұшып кетеді.
Дамыл таппас құстай ұшқан жолында,
Ұран- ұлттың рухы мен қанында.
Менін елім- Қазақстан,
Жүрегімде ұлы саз
Толғандырып, жасандырған жолында.
Шәуілдірдің жері- пейіш, жолы- ақ
Сылбыр үнім кетушеді дуылдап.
Құшағында ақ анамның ән естіп,
Бой бермейді денем шаңшып,
Маужырап....
Жандос Мағзұмұлы
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі