Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ...
- 0
- 0
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.
Бұл бетте «Мұқағалимен сырласу» атты Айбол Сағынжанұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Сәуір туды, бұлттар аппақ, су аппақ,
Шұлғиды алқап әлдекімді қуаттап.
Жайрап жатты осынау ұлы дүние
Кіп-кішкентай күн көзіне шуақтап.
Тағы да, тағы да бір жыр бастайын,
Тыңдады, құрдас терек, сырлас қайың:
Өлең бар әр бұтақта жүз жапырақ,
Өмір бар жүз драма бір бас сайын.
Қандай міндет артар едің, жаңа күн,
Көктемеде бүр жарсам мен ашылып.
Бір ғажайып бәйтерек боп талабым,
Бұтағыңа ұя салар жас үміт.
Қарайды қара көз ғана
Айнасына да наздана.
Әлдене тұсқа, әлдене
Жетпейтін сынды азғана.
Модератор
Ілмектер үтір арқылы қойылады! Ілмек қате болса автоматты түрде сайысқа қосылмайды.
Қаламды басып өңдеуге болады.
Aibolakin
үлгісін ілмекті қалай жазатынын мысалға көрсетесіз бе?
Модератор
Мысалы: bilim2019, Мұқағали, ақын, ... деп жазуға болады.