Өмір - құмыра – Айнұр Міркемел

Бұл бетте «Өмір - құмыра» атты Айнұр Міркемел жазған өмір туралы өлең берілген.

Уақыт алдап, өтіп жатыр зымыран,
Қашан? Неге толар екен құмыраң?
Біреулер жүр лай, батпақты серік қып,
Біреулерде иманына беріктік.

Маржан тастар көзін жаулар пенденің,
Сырты-алтын, іші- қола кем бе еді?
Адал еңбек сүтін сауып, тер төгіп,
Гаухар тасқа кенеледі жер көгің.
Таза ақыл, жылы жүрек қайратты
Бір гүл етіп құмырада жайнатты.
Жылы сөзге гүл де риза болады,
Жақсы сөзбен құмыра да толады.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар