Не болып жатыр Қордайда?...
*НЕ БОЛЫП ЖАТЫР ҚОРДАЙДА?...*
Не болып жатыр Қордайда?..,
Тып-тыныш жүрсе болмай ма?
Тақиясы дүнгеннің,
Өз басына сыймайма?
Отаны жоқ, туы жоқ,
Аз ғана ұлт болған соң,
Өзге елдің төрінде,
Достықтың туын мойнына,
Бойтұмар етіп алмай ма?
Қазағымның құшағын,
Бесігі етіп бейбіттің,
Бірліктің әнін салмай ма?
Ашудың атын мінгенше,
Сабырдың сазын салмай ма?,
О! заманда, бұл заман,
Тоқтықтан тойып есіріп,
Өз басын өзі жалмай ма?
Бүгінгі жүрген дүнгендер,
Қытайдан ауып келгендер.
Жүз қырық жеті жыл алдын,
Қазағымның қойнына,
Балапандай паналап,
Қол ұстасып жағалап,
Тыныштық іздеп тізіліп,
Терезесін сығалап,
Босқын болып кіргендер.
Бір жарым ғасыр тұрақтап,
Күн, апта, ай, жыл аттап,
Жерімде өзін қуаттап,
Тамырын қадап алған соң,
Бұл қалай енді болғаны?,
Жанжалдасса сый аттап.
Кеткеніме елімнен,
Достықтың туы жырақтап.
Ашуға мінбей ендеше,
Ақылдың атын мінейік,
Тізгінін тартып тұрақтап,
Қан төгілген қақтығыс,
Беделін елдің құлатпақ,
Тынышын бұзып үйлердің,
Шырылдатып жазықсыз,
Жандарды босқа жылатпақ.
Ашу емес Е! Алла,
Ақыл берші пендеңе,
Таусылмайтын бұлақтап.
Жүзден астам ұлт бар,
Елімде жүрген тұрақтап,
Соларға берші бірлік пен,
Достықтың нұрын шуақтап,
Тыныш өмір сүргенді,
Тәңірім өзі ұнатпақ,
Жамандық етсең біреуге,
Оны да Алла құлатпақ,
Шаламын деп біреуді,
Жүрмеңдер өзің құлап қап,
Жүргендер көп қой өмірде,
Бей орын күліп жылап қап,
Айта берсем сөзім көп,
Шырайын беріп шұмақтап,
Жасайық бес күн жалғанда,
Сіз-біз десіп сыйласып,
Баласындай бір үйдің,
Көк туыдың астын тұрақтап.
Қордайда Қордай Қордайым,
Ұят-ау енді бұл жайың?
Әйтеке, Төле, Қазыбек,
Шешкен ғой талай дауларды,
Бейбіт жолмен әрдайым,
Бүгінгі қазақ не үшін,
Көбейіп кетті жанжалың?,
Жоқ әліде бәріңнің,
Би болу ма?арманың,
Аузыңды қанша ашқанмен,
Сыймайды бес бармағың,
Сол үшін сыйла біріңді,
Менмендікке бармағын,
Балдырға барып ілінер,
Балыққа салған қармағың,
Болсаңда бұлбұл қай елде,
Өз тіліңді ұмытпай,
Сол елдің әнін сайрағын,
Кетпесін ашып демесең,
Ұйымай жатып айраның,
Ең жақсысы өмірде,
Бірлікпен бірге болғаның,
Саудаласып бекерге,
Сау басыңа сыймайтын,
Сақинаны салмағын,
Ақыл мен сабыр досың боп,
Ашуға тегі бармағын,
Бір пайдасы тиер деп,
Жырымды осы арнадым.
Нұрлан қажы Тотанов
Ерхан
Оларға қамқор болу керек, жазығы жоқ халықты қырмай. Қылмыскерлерді ғана заң бойынша жазалап.