Ауылым – Абенов Қали Сәрсенбайұлы

Бұл бетте «Ауылым» атты Абенов Қали Сәрсенбайұлы жазған туған жер туралы өлең берілген.

Барып қайтайын ауылға,
Ағайын-туыс, бауырға.
Бармағалы көп болды-ау,
Осынау шағын ауылға.
Сағындым мен көлімді,
Сағындым мен дөңімді.
Асыр салып ойнаған,
Сол бір балғын кезімді.
Көгалды-шалғын жеріме,
Аунап-қунап қайтайын.
Ағайынмен сырласып,
Мауқымды бір басайын.
Бәрімізде ауыл бар,
Бәрімізде бауыр бар.
Барып қайтайық ауылға,
Олар бізді сағынар


Пікірлер (1)

Модератор

Егер авторы өзіңіз болсаңыз - авторы өзім - деген жазуды басу керек (жазудың үстіне). Қаламды басып өңдеуге болады.

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар