Парижде
Бұл бетте «Парижде» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Аманаты Ахаңның
Көкейінде жаңғыра,
Келіп түсті шаһардың
Келбет-көркі таң қыла.
Самаладай жайнаған
Сән-салтанат келісті.
Қошаметшіл айналаң,
Жұмақ дерлік жер үсті.
Сарайлар ақ шағала,
Көшелері оқтаудай.
Алуан сансыз самала,
Жымың қаққан от қандай!
Ғажап сурет, тосын жай
Қыл пернеде ән шертсе,
Көңіл күймен осындай
Келіп кірген концертке.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі