Бұл бетте «Тайжарыс» атты Арасанбай Естенов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жиған тәмам баланы,
Міне, бәйге алаңы.
Алағызған, толқыған
Көңілдің көп алаңы.
Ақылымен атамның,
Нағашымнан бата алдым.
Түйіп тайым кекілін,
Мәреге де тақалдым.
Атшы айқайлай: «Шүу!» - деді,
Тайым желдей гуледі.
Артта қалды көп тұяқ
Тасыр-тұсыр дүрмегі.
Алға шықтым үзіле,
Қарап қоям ізіме.
Арқан тастам өзгелер
Келеді, әне, тізіле.
«Шүу, жануар, шүу!» - дедім,
Желдей есе гуледім.
Нағашы атам сыйлаған
Бәсірем ғой бұл менің.
Аламанда - сынар бақ,
Оза түстім шығандап.
Мерейімді тасытты
Мінген тайым тұмарлап.
Қозып арқам, делебем,
Зулап өттім сөреден.
Тегін тайын бермепті
Нағашы атам – көреген!
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі