Бұл бетте «Ақыл» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
20.03.2020
0
0
984
Ошағыңның отын жақ,
Қосағаңның қасын бақ.
Ұл-қызыңды әлпеште,
Қамын ойла сосын жат.
“Әуелi-тек басыңа,
Қала бердi-досыңа” –
Айтылмаған көп заман
Нағыз ақыл осы ма?..
Жасадың ба кiсiлiк,
Көрсеттiң бе кiшiлiк?
Басқа қонған бағыңды
Алмадың ба ұшырып?
Шарап молдау iшiлiп,
“Тоны шағын пiшiлiп”,
Көп жiгiтте, асылы,
Жетпей жатыр түсiнiк.
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
- Сәкен Сейфуллин
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі