Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны

Бұл бетте «Бопы төренің қарындасын жоқтағаны» атты Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Күдері белбеу белімде,
Азалы болдым елімде
Бопекем жарлық берген соң,
Жүре бердім жөніме.
Бас, бас өлім, бас өлім,
Басынан келген осы өлім.
Жапырағын жалпайтып,
Жарды бір алған осы өлім.
Мұхаммед - Құдай достығы,
Оны да алған осы өлім.
Қылышынан қан тамған
Ғалыны да алған осы өлім.
Өлімнің інісі - уайым,
Бұл істі салған Құдайым.
Қара бір шашым жаяйын,
Жаяйын да, жияйын.
Күнәлі бармақ, жез тырнақ,
Күнінде қанға бояйын.
Албыраған ақша бет
Сүйегіне таяйын.
Мөймілдеген қара көз,
Жаспенен оны ояйын.
Алшаңдап жүрген жас төрем,
Орнына кімді қояйын?!
Өркеш те, өркеш, өркеш тау,
Бауыры толған кек бастау.
Топ ішінде қиын екен
Жалғыз енді сөз бастау.
Бастамасқа шарам не,
Басыма салған қарам не?!
Мен жыламай, кім.жылар,
Бетімдегі жарам не?!
Боғастың бойын өрт алды,
Жүректің басын дерт алды.
Он жеті жасар Әбіжан
Қорасан деген дерт алды.
Асыл да гаухар болатым,
Ұшайын десем, қанатым.
Әкекем қосқан қосақтан
Айырды шебер құдіретім.
Алты атанға жүк арттым,
Ала арқанмен берік тарттым.
Алдынан жүрмес атакем,
Құшақтап тұрып сөз қаттым.
Арғымақ үйірін сағынса,
Артқы аяғын қағынар.
Алғайып бибақ сағынар,
Қаннан оянып жағынар.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны өлеңінің авторы кім?

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы — осы өлеңнің авторы.

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бопы төренің қарындасын жоқтағаны өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері