Өлең, жыр, ақындар

Таныстыру

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 20.03.2020
  • 0
  • 0
  • 4556
Жори көрме сырымды өтiрiкке,
(Ерiк бердiм лықсыған көкiректе)
Сезiм тартып бас асау арғымақтай,
Езулесем түсер ме текiрекке?
Лоблып жүрек қызынды – қабына ма,
“Белең алған” бұл сезiм бағына ма?!
…Ауыл толы желеңдер барады ағып,
Қызыл желең, ақ желең, сарыға да…
Әр ошаққа шаншылған көк желеңдер,
Дас келiндер маңында дөңгеленер.
Ызы-қиқы соңында жас балалар,
Келесi үйге бет алған көп желеңдер.
“Сары қарындар” – сырласқан абысындар,
Түсiнгендер ел мен жер, мәнiсiн жар.
Уһiлейдi: “Зулаған заман-ай”, - деп,
Кеше туған кенжешiм танысып жүр.
Кенжешiм-ай, ұяңды сағынарсың,
Ошағыңа содан соң табынарсың.
“Қыз – жат жұрттық” деген ғой ата қазақ,
Дұрыс жерге дәм жазсын, бағың жансын.
Әр үйден дәм қалыңдық татады екен,
Арнайды оған ақ тiлек, бата мекен.
Елiменен жас қыздың қоштасуын
Танысу деп қалайша атады екен?!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Таныстыру өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Таныстыру өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Таныстыру өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Таныстыру өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері