Ай-гок – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ай-гок» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1284
Мәскеуде бір қыз көрдік көзі күлген,
Шаштарын он күн тарап, бес күн өрген.
Сол қыздың сұлулығы жаннан асқан,
Етегін дүрия көйлек шаймен бүрген.

Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.

Әрине, айтпас па едім өлең білсем,
Шұлғытып қара арғымақ дөнен мінсем.
Армансыз бұл дүниеден өтер едім,
Сол қызбен қосылысып ойнап-күлсем.

Қайырмасы:
Ай-гок, тағат жоқ, ой!
Көкем, еркем Ғайни,
Өтіп жалған кете ме-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері