Ақтеңге (2-нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ақтеңге (2-нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1015
Шаңырақты көтерген маңдай екен-ай,
Адам тілін сөйлеткен таңдай екен.

Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.

Жасың үлкен, жеңешай, өзің едің-ай,
Жалғыз жүрген шет жерде қандай екен?

Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.

Шаңырақты көтерген уық екен-ай,
Жеңге жүзі ызғарлы суық екен.

Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.

Сен қашсаң да, артыңнан мен қалмаймын,
Кетсең дағы өзгеге қуып жетем-ай.

Қайырмасы:
Ақтеңге, қыз жеңге-ай,
Кеттің тастап жат елге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері