Ал, шіркін! – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Ал, шіркін!» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1155
Ахау! Шіркін-ай!
Кәрі болдық қартайып хал кеткен соң,
Жастық ұшып басыңнан сән кеткен соң.
Міне, бүгін қадірің бір тиындық,
Қайрат ұшып басыңнан жан кеткен соң.

Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.

Келіп қапты, ойласам жас шамаға,
Енді тоқта, қой, көңілім, аспалама.
Өзім басып, өзімді тоқтатпасам,
Бір күн нәпсі қалдырар масқараға.

Қайырмасы:
Ал, шіркін! Жалған-ай!
Қайран, сәулем, о, жаным-ау.
Қайран, жастық-ай,
Ал, шіркін-ай.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері