Алуай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Алуай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 24.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1854
Ән салсаң, өзімдей сал баяулатып,
Ер жігіт мал табады жаяулатып.
Астынан алты қырдың ән шырқасам,
Шыдайды дәтің қайтіп, ояу жатып.

Ән салсаң, өзімдей сал, ұшқан қаздай,
Қонады қайтқан аққу құлан сазға-ай, Алуай.
Ұмытып қалқам мені кетті ме екен,
Барады тым болмаса бір хат жазбай, Алуай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері