Әлеуша – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әлеуша» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 975
Дүние қызыл түлкі, ау, бұлаңдайсың,
Бақ тайса бас пен дәулет о-лаулау,
ай, лалалай о-лау, құралмайсың.
Меңзеген асқар таудай, ау, есіл көңілім,
Дүниеде еш нәрседен о-а-лаулау,
ай, лалалай о-лау, құралмайсың.
О, дүние, жетпей қайтпан, ау, сіздің үйге,
Мен түстім сенің үшін о-а-лаулау,
ай, лалалай о-лау, талай күйге.
Шырайлым отырады, оу, жауһар тартып,
Бейне бір шам жаққандай о-лаулау,
ай, лалалай о-лау, қараңғы үйде.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері