Әпитөк (2­ нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әпитөк (2­ нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1274
Болдым құмар жасымнан, сәулем, саған,
Дидарласар күн туса есен-аман-ай, есен-аман.
Сенсіз маған жалғанда қызық бар ма,
Жететұғын тілекке болса заман-ай, болса заман.

Қайырмасы:
Ей!
Ресей елден келген, ау, қалқатай,
Туған екен ұл перзенттен, уақыт жоқ.
Сөйлесерге тіл қат жақ,
Өзіңіздей бекзат жоқ,
Әккигайым, ой, Әпитөк.

Хат жазамын ей, сәулем, сені ойлап,
Булықтырған жүректі толқын бойлап.
Жазып, жазбау дертімді өз қолымда,
Тына алмайды ой билеп ерік қоймай.

Қайырмасы:
Ей!
Ресей елден келген, ау, қалқатай,
Туған екен ұл перзенттен, уақыт жоқ.
Сөйлесерге тіл қат жақ,
Өзіңіздей бекзат жоқ,
Әккигайым, ой, Әпитөк.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері