Әридай, қалқаш – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әридай, қалқаш» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 1493
Ай қараңғы болғанда, жұлдыз жарық,
Қайда жүрсең бір жарық түспегі анық.
Өліммен ойнама, талапқа ұмтыл,
Кеткен адам қайтқан жоқ түкті тауып.
Әридай, қалқаш.

Қаратаудың басында бір топ арқар,
Аққан су жоғарыдан төмен сарқар.
Кезіккен оңашада қимас қалқам,
Бар шерім бойымдағы сонда тарқар.
Әридай, қалқаш.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері