Әупілдек – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Әупілдек» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2473
Қар басты Әупілдектің қамыстарын,
Айтады әркім көрген хасірет, зарын.
Түседі қайғылыға қара тұман,
Кім білер соның қашан ашыларын?

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Қыстайды Әупілдекті қалың қарға,
Жан болып сөз сөйлейді амал бар ма?
Қаз бенен қарға жолдас бола ма екен,
Замандас, бұған табар қайлаң бар ма?

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.

Хат жаздым қалам алып, Сыздық аға,
Әр жерде көріп жүрсіз қымбат баға.
Шығарған ұшлу сөзді кім десеңіз,
Баласы Дарабайдың Дамеш бала.

Қайырмасы:
О-ой, и-ги-ги-ги и-ги-гай, и-ги-гай,
Ги-ги-ги-ги, и-ги-гай, а-а-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Әупілдек өлеңінің авторы кім?

Қазақ ауыз әдебиеті — осы өлеңнің авторы.

Әупілдек өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Әупілдек өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қазақ ауыз әдебиеті өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Әупілдек өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері