Гүлдер-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Гүлдер-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.03.2020
  • 0
  • 0
  • 2549
Шыға келдім Тайсойған қуысынан-ай,
Бәрекелді, жақсы аға туысыңнан-ай, гүлдер-ай.
Салдыраған дүние сары алтыннан-ай,
Қалар түсіп бір күні уысыңнан-ай, гүлдер-ай.

Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүлбағышаштан-ай,
Бұлбұл құстан-ай.
Өнері жоқ, не пайда,
Шіркін, жастан, гүлдер-ай.

Мен жасымнан Тайсойған өскен жерім,
Кіндігімді кір жуып кескен жерім.
Ретінде-ау құрбылық айттым талай,
Біле тұрып ішіңіз ескермедің.

Қайырмасы:
Гүлдер-ай,
Гүлбағышаштан-ай,
Бұлбұл құстан-ай.
Өнері жоқ, не пайда,
Шіркін, жастан, гүлдер-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері