Жетіарал (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жетіарал (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1370
Жеті аралдай жер бар ма, елдің көркі,
Құмырсқадай қайнаған қоян, түлкі.
Жетіарал, жердің көркі-ай.

Дұшпан шауып жерімді алғаннан соң,
Қай жерімнен келеді ойын, күлкі.
Жетіарал, жердің көркі-ай.

Жүруші едім Жеті арал саясында,
Ор киіктей ойнақтап даласында.
Шұбырынды ақтабан заман туды,
Дұшпандарға ана боп қаласың ба.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері