Жылыойдың қоңыр әні – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Жылыойдың қоңыр әні» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1421
Ішпедік-ай Жайық суын-ай ылай ма деп-ай,
Толқыны соқса жарға-ау, құлай ма деп.
Жақсымен-ау бас қосуға-ай болдық ынтық,
Иіліп, бүгілуге ойдай-ай, оу, шыдай ма деп-ай.

Шай іштік жез самауыр, тарелка алтын,
Құрбыңмен бірге жүрген болма салқын.
Құрбыңмен бірге жүрген болсаң салқын,
Болмайды бұрынғыдай көңіл жарқын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері