Кенем-ай – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Кенем-ай» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1222
Түлкі бөркің басыңды түбіттеген, е-ей,
Сенен артық болар ма жігіт деген, е-ей.
Осы тұрған ауылға бір келмейсің, е-ей,
Ақ сандыққа түстің бе кілттелген, е-ей.
Кілттелінген, Кенем-ай.

Біздің ауыл, сұрасаң, зымнан биік,
Қазинадан көйлегім сегіз қиық.
Сен есіме түскенде, беу, Кенем-ай,
Жата алмаймын төсекке ішім күйіп.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері