Қарғалы – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қарғалы» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1272
Басынан Қарғалының ел айрылған,
Қаршығам қазға салған тез айрылған.
Жалғанда қыздан сорлы жан бар ма екен,
Елінен өлі айрылмай, тірі айрылған.

Есіктің алды тоғайлы, қарағайлы,
Кесуге жас қарағай жарамайды.
Жасынан қыз сорлыны малға сатып,
Қыздарды жұрт балаға санамайды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері