Қоңыр жай (1 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қоңыр жай (1 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 05.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1609
Бозбалаға ат қайда қарагердей,
Көкірегім кең сарай—дала, жердей, қоңыр жай.
Жаман жолдас, шабан ат, өтпес пышақ,
Кәрі бүркіт түлкі алмас—бәрі бірдей, қоңыр жай.

Лебізінен жақсының тамшылаған,
Керегі жоқ жүйріктің қамшылаған.
Алпыс үйрек күнінде ілсе дағы,
Бағаң артық, ақтұйғын, қаршығадан.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері