Бұл бетте «Құлажекей» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Қайда едің шақырғанда Құлажекей,
Айрылмас домбырадан тіл, көмекей.
Алдымда құрбы-құрдас кез болғанда,
Салайын басып-басып, некей, некей.
Қайырмасы:
Алқаракөк, ай!
Кетті сәулем қыр жайлап,
Тәуекелге бел байлап,
Санаменен сарғайдым-ай,
Сәулем, сені көп ойлап.
Су алсаң, Ертістен ал, кемерленген,
Сұрасаң тілек етіп, не бермеген.
Ақ құйрық қара шайдың нұсқасындай,
Көзіңнен айналайын дөңгеленген.
Қайырмасы:
Алқаракөк-ай!
Кетті сәулем қыр жайлап,
Тәуекелге бел байлап,
Санаменен сарғайдым-ай,
Сәулем, сені көп ойлап.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі