Құрбым – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Құрбым» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2364
Айналайын, қарағым, асыл айнам-ай,
Құрбы болып, қанекей, тиген пайдаң, тиген пайдаң, құрбым-ай.
Бұдан артық күтуге еш жайым жоқ-ай,
Ендігісін, жан досым, өзің ойлан, өзің ойлан, құрбым-ай.

Риза болдым сөзіңнің нұсқасына,
Әркім назын айтады тұстасына.
Жараспайды жастарға серттен таю,
Сене тұрып өмірдің қысқасына.

Айдын көлден қаз ұшар қаңқылдаған,
Қанатымен су шашып салқындаған.
Жиырманың он беспен арасында,
Жігіт емес әрнеге талпынбаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері