Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.02.2021
  • 0
  • 0
  • 753
Сарыөзек алғаш түсінен шошып оянған,
Қалмады тұқым сол күнгі тірі қояннан.
Білмеді қарттар адамның ісі екенін,
Сипады бетін: «Жар бола гөр, – деп, – ой, Аллам!».
Бар еді бір шал мінезі қиқар, қарғанды:
– Сындырып кете жаздады мына ит арбамды! –
Шошынып үріккен оқыстан шыққан зор үнге,
Қақ басқа салды қамшымен тарпаң тарланды.
Тумыстан үркек, ұрғанға көнбес жалтаңдап,
Гүрс еткен сәтте құлады талай шал – қаңбақ.
Аптапта небір таңдайға тілі жабысып,
Жаяулап жетті қойларын айдап салпаңдап.
Дүрбелең бұл күн, Жер-Ана нағыз: наркоман,
Сәбиі қазір нашасын шекті партадан.
... Борбайдың еті борша боп қайтқан шақтарда,
Жазғырып жүрді тарланын тарпаң қарт адам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері