Қызыл гүл (2 нұсқа) – Қазақ ауыз әдебиеті

Бұл бетте «Қызыл гүл (2 нұсқа)» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.04.2020
  • 0
  • 0
  • 1615
Қолыма бір қамшым бар алтындаған,
Кейбіреу ұстай алмай қалтылдаған.
Сексен қыз серуенге шықса да,
Ішінде сен қоңыр қаз (ой, сәулем) қаңқылдаған.

Қайырмасы:
Ой, нәзік қалқа, бұраң бел,
Есімнен шықса терең көл,
Бақшада жайнар қызыл гүл.

Қолымда бір қамшым бар күмістеген,
Япырай, сол қамшыны кім істеген.
Аулыңа көптен бері бара алмадым,
Қол тимей анау-мынау жұмыспенен.

Қайырмасы:
Ой, нәзік қалқа, бұраң бел,
Есімнен шықса терең көл,
Бақшада жайнар қызыл гүл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері