Доп туралы жыр – Ернұр Сейдахмет

Бұл бетте «Доп туралы жыр» атты Ернұр Сейдахмет жазған поэзия туралы өлең берілген.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3258
Асау тайдай тулайды,
«Гол!» - деп бәрі шулайды.
Жалықтырмас добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.

Секең- секең етеді,
Ұшып, көкке жетеді.
Ойынқұмар добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.

Жолағы бар, домалақ,
Шаршамайды домалап.
Шынықтырар добымыз,
Қуып жүрміз оны біз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері