Өлең, жыр, ақындар

Кім кетті

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 956
Кім кетті,
Кім келді?...
Жұрт білмес,
Осыны неліктен ұқтым кеш?
Сағыныш жел текті еседі,
Махаббат аспаншыл бұлтқа үндес.
Кім едім,
Кім едің,
Кім білмек?!
Білемін дейтіндер бүлдірмек.
Адамдар, адамдар бір-бірін,
“Білемін” дегені құр дүрмек...
Сен кімсің,
Тәкаппар тоты ірең?!
Мен кіммін,
Жүректе оты кем?!
Сен жайлы өзіңнен сұрайын,
Мен жайлы айтпашы өтінем.
Сен жайлы сезімнен наз ұғып,
Мен жайлы,
Мен жайлы аз ұмыт.
 
Өлімнен қорқамын,
Мен жайлы
Арнаулар кетер деп жазылып.
Күлкілі,
Күлкілі,
Күлкілі,
Жақсылық әкелмес бұл түбі...
Мен жайлы айтамын,
Айтармын,
Мастыққа сүйеніп бір күні!
Күтіңдер!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Келін тағы кеудеден шер тулатты

  • 0
  • 0

Келін тағы кеудеден шер тулатты,
Есер тұрмыс билеген еркін қатты.
Ері кеткен ертемен тауға шығып,
Тал бесікте бөлеулі кемпір жатты.

Толық

Елес

  • 0
  • 0

Тайганың төсі ну орман,
Ну орман бітпес жыр еді.
Арғымақ мініп ту алған,
Елестер кезіп жүреді.

Толық

Хан-Тәңір

  • 0
  • 0

Ерімес мұз-қары,
Тоңдырмас ызғары.
Аспанда тігілген қосым бар,
Ей, перінің қыздары,

Толық