Алжыған шалдың әңгімесі

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 16.01.2023
  • 0
  • 0
  • 805
Қойдың үсті...
Бозторғай...
Ән,
Шырыл,
Мұң,
Баяулаттым тор төбелдің желісін.
Қапалы құс,
Ұясына бұрылдым,
Мамыршақтың санағалы жемісін...
 
Қойдың үсті,
Мамық ұя,
Салды ойға...
Үш жұмыртқа өлең болып үш түрлі.
Тамағынан тағдыр тамып әр қойға,
Зәу биіктен зарын айтып құс тұрды...
Үш жұмыртқа,
Біріншісі жарылып,
Балапаны...
(қарамаңыз күмәнді.)
Мүмкін жарық дүниені сағынып,
Кеткен шығар...
Арғы жағы тұманды.
Шайқалмастан шіріп кеткен ал бірі,
Күлімсі иіс,
Суық тірлік,
Жыр ыстық...
Өлі бақыт,
Ажуалы тағдыры,
Жаралы әуен...
Гүлге сіңген тыныштық!
Ғапу етер тыңдарманым көз көрген,
Таба алмадым жұмыртқаның соңғысын.
Өң мен түстің арасындай өзгерген,
Қимай-қимай қош айтыстым сор құсын!
 
Кері қайттым,
Сапарым бұл айныған,
Аспандағы сұлу жоқтау іш тырнап.
Қойдың үсті, суық ұя, қайғылы ән,
Үш жұмыртқа,
Шешуі жоқ үш жұмбақ!...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Алжыған шалдың әңгімесі өлеңінің авторы кім?

Ерлан Аманқожаұлы — осы өлеңнің авторы.

Алжыған шалдың әңгімесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Алжыған шалдың әңгімесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ерлан Аманқожаұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Алжыған шалдың әңгімесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері