Неткен көктем! – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Неткен көктем!» атты Алмат Исәділ жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 2433
Далама әсем еккен гүл,
Көңілге жарық сепкен нұр,
Ғажайып еді неткен бір,
Көгеріп келген көктем бұл!

Сағынып жеткен көптен бір,
Көкейден күй мен төккен жыр.
Астасып, жайнап көк пен қыр,
Тазарып келген көктем бұл!

Бастауы – тауда көксеңгір.
Сылдырап бұлақ мөп-мөлдір,
Жып-жылы самал ескен бір.
Жаңарып келген көктем бұл!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері