Өлең, жыр, ақындар

Семсер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 836
Нұры сiңiп қалған сынды арайдың
сәуле шашып жарқ-жұрқ еткен семсерге
қараймын кеп, қараймын.
Әрi сұсты, әрi ғажап сымбатты-ақ
Осынау бiр сүйегi асыл семсердi
соқса керек жұмбақтап.
Халқым менiң қапа болған тарлықтан
ақ арманын қосып соққан семсерге.
сұлу ғой ол сондықтан.
Халқым менiң мұң мен қайғы, зарды ұққан
батырлығын қосып соққан семсерге.
Айбарлы ғой сондықтан.
Халқым менiң көз ашпаған қорлықтан
кек, намысын қосып соққан семсерге.
Өткiрлiгi сондықтан.
Халқым менiң – зарлы дауысы қарлыққан –
ән мен күйiн қосып соққан семсерге.
Оттылығы сондықтан.
Халқым менiң сан бөлiнген хандықтан
төзiмiн де қосып соққан семсерге.
Берiктiгi сондықтан.
Халқым менiң шаршап, талып, шалдыққан
ар, ожданын қосып соққан семсерге.
Тат баспауы сондықтан!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Опыну

  • 0
  • 0

Өз тiлiн,
Өз дiнiн бiлмейтiн
Бiреулер –
Аспаннан түскендей! –

Толық

Фантазия

  • 0
  • 0

Күн ыстық еді.
Алатауға барып
Бір арқа бұлтты
Алып кеп

Толық

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...

  • 0
  • 0

Бiр жүректiң көлеңкесiн көрдiм мен...
Отыр едiм ойлар тартып әр күннен
ең асылын, ең керегiн тердiм деп...
Көтерiлген бармақтай-ақ бұлт болып

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар