Мұғалім – Алмат Исәділ

Бұл бетте «Мұғалім» атты Алмат Исәділ жазған ұстаз туралы өлең берілген.

  • 09.04.2020
  • 0
  • 0
  • 3361
Жаққан білім шырағын,
Таққан ғылым тұмарын.
Әліппені үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Баптап ойдың қыранын,
Тапқан асқақ тұрағын.
Жазуға да үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Шырқап шаттық жыр-әнін,
Ашқан ақыл бұлағын.
Жақсылыққа үйреткен,
Ол кім десең – мұғалім!

Айтқаныңды ұғамын,
Білімді боп шығамын.
Биіктерден көрінсем –
Сенің арқаң – мұғалім!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері