Үміт – Бимырзаева Әсел Маханбетқызы

Бұл бетте «Үміт» атты Бимырзаева Әсел Маханбетқызы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Жүрегімде үміт бар ұялаған
Бүкіл арман қиялым сияды оған.
Үміт күші үкілеп жетелейді,
Жақсы нышан, сенім, серт жиям одан.

Тағдырыңа бұл үміт себеп екен,
Нұр сәулесін жап-жарық себеді екен.
Себезгідей шапағы арайланса,
Көңіл шіркін тасқындап ереді екен.

Үміт оты сөнбесін жүректерде,
Маздап жансын урлей түс, үдет сен де.
«Шайтан ғана үмітсіз» деген тәмсіл,
Жан біткенді талпынған жүдеткен бе?!...

Талпын, талпынғайсың үміттеніп,
Кетпеші батып күдікке еріп.
Күдік итергенде құла құздан,
Биікке алып шыққан үміт келіп!

Шексіз, шетсіз кең керілген жол,
Алдымда «соқтықпалы, соқпақсыз».
Үмітім, болашақта менімен бол,
Жігерленем, сенімен сенімім мол!


Бимырзаева Әсел Маханбетқызы
Түркістан қаласы
№17 Ататүрік атындағы мектеп-гимназиясының мұғалімі


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері